Еліміздің болашағы-балалар.
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін мектептердегі балалар ұйымдары «Атамекен» бағдарламасы енгізген. «Атамекен»-Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процессінің өзіндік ұлттық айшық,ерекшеліктерін айқындайтын,қазақ халық педагогикасының тәлім-тәрбие принциптерінде негізделген, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама.
Сол бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан «Шаңырақ» балалар ұйымы.
Біздің ұйымымыздың негізгі бағыты: Өз Отаны мен туған жеріне пайда келтіретін,елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын,білімді,парасатты,жан-жақты дамыған,өз мемлекетінің рәміздері мен Ата Заңын,Президентін,халықтар достығын құрметтейтін,өз халқының тарихы мен мәдениетін,тілін,дінін,салт-дәстүрлерін қастерлейтін ,бойында патриоттық сезімі бар тұлғаларды тәрбиелеу.
«Шаңырақ» балалар ұйымы мектебіміздің барлық жұмыстарына белсенді қатысып жатыр.Солардың ішінде:
Дәстүрлі мектепшілік шараларды өткізу.Еліміздің барлық мерекелерін атап өтуге,салтанатты жиындарды ,мерекелік концерттерді өткізуге катысады.
Мектепте рейтинг жүргізу.Біздің өміріміз-бәсеке.Сондықтан да сыныптарымыздың білім,тәртәп,деңгейін көтеру үшін ұйымымыз рейтинг жүйесімен жұмыс істеп отыр.
Қазіргі заманда өз ойын жеткізе алатын адамдарды бағалайды.Мектебімізде түрлі тақырыптарға дебат ойындарпы өтеді.Өзіміздің мектепшілік жеңімпаз «Қайсар» тобы ,жуырда облыстық ойындарға барып келді.
Салауатты өмір салтың насихаттауға арналған футзалдан,баскетболдан,волейболдан ойындар өтеді.
«Шаңырақ» балалар ұйымының бағдарламасы еліміздің болашағы-балаларды тәрбиелеуге және Отанымыздың көркеюіне азамат болуына негізделген.

